Жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы физиотерапия және емдік дене шынықтыру бөлімшесінің тарихы 1931 жылдан басталады. Сол кезде клиникалық базасы қалалық емханада орналасқан Физикалық емдеу әдістері институты (әрі қарай – физиоинститут) құрылды.
Ұлы Отан Соғысы жылдары физиоинститут негізінде эвакуациялық госпиталь құрылды, ал соғыстан кейін – Облыстық клиникалық аурухана, 1969 жылы – Орталық қалалық аурухана және қалалық емхана, кейін 1996 жылы – қайта ұйымдастырылған Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы (әрі қарай – ЖМЖА) және Семей қаласының №1 емхана.
Атап өтілген барлық ұйымдарда физиотерапия бөлімшесі табысты жұмыс істеп тұрды. Бөлімше бастауында Семей мемлекеттік медициналық институтының құрған Василий Сергеевич Бобов және эксперименталды педагогиканы ашқан Петербург университетінің приват-доценті, Самара университетінің тұңғыш ректоры, Мәскеу мемлекеттік психоневрологиялық институтының директоры Александр Петрович Нечаев және тағы басқа сынды ғалымдар тұрған.
2014 жылы жаңадан салынған ЖМЖА ғимаратына көшуде физиотерапия және емдік дене шынықтыру бөлімшесі (әрі қарай – физиотерапия бөлімшесі) заманауи құралдармен, емдік дене шынықтыру жүргізуге арналған кең залмен және механотерапия, массаж кабинеттерімен жабдықталды.
Бөлімшеде жоғары білікті мамандар жұмыс істейді: реабилитолог-дәрігер, 4 физиомедбике, емдік дене шынықтыру бойынша 4 инструктор, 1 массажист.
Барлық процедуралар емдеудің жоғары нәтижелі тәсілдерін қолдану арқылы заманауи аппараттарда жүргізіледі. Физиотерапия артықшылығының бірі – дәрі-дәрмекті адам ағзасына еңгізусіз емдеуде, яғни, аллергиялық реакция, кері әсер және дәріге тәуелділік қаупінің болмауы.
Орта есеппен физиотерапия бөлімшесінде жылына 8000 мыңнан астам науқас емделуден өтеді. Олардың ішінде тек ЖМЖА стационарлық науқастары ғана емес, сонымен қатар өз денсаулықтарын қалпына келтіруге мұқтаж басқа да тілек білдірушілер бар.
Реабилитолог-дәрігер таңдаған жеке емдеу курсы асқынулардың алдын алуға, емделу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, ең жақсы нәтижелерге тез қол жеткізуге ықпал етеді.
© 2023. Жедел медициналық жәрдем ауруханасы